×

700-ге жуық қазақстандық оқушы ХІ қысқы гимназиадаға қатысады

Сайыс республиканың 4 қаласында өтеді

 Динара Амантай 14.03.2023 | 10:20
Фото: lat.egemen.kz

Еліміздің төрт қаласында 14 наурызда ХІ қысқы гимназиада басталады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, сайыс шаңғы жарысы, қысқы президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, бенди, конькимен сырғанау, шайбалы хоккей сынды спорттың 8 түрінен өтеді.

Гимназиада жарыстары мектеп спортының дамуына, оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыруға үлкен әсер етеді. Сондықтан біз еліміздегі алдыңғы қатарлы спорттық сайыстың республикалық кезеңіне жолдама алған жас спортшылардың қатысуына ерекше назар аударып отырмыз. 2022 жылы қазақстандық оқушылар құрамасы алғаш рет Дүниежүзілік жазғы гимназиадаға қатысып, 64 елдің ішінен 3-орынға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жоғары оқу орындарына мемлекеттік гранттар берілді, – деді Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының бас директоры Сағдат Садықов.

Айта кетсек, ХІ қысқы гимназиада Астана, Щучье, Павлодар және Өскемен қаласында өтеді. Оған еліміздің барлық өңірінен 700-ге жуық оқушы қатысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама