Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда агротехника утилизациясы үшін берілген сертификат мерзімі ұзартылады

Бүгінде Қазақстанда 327 жеңілдік сертификаты пайдаланылмаған

 Айнұр Шошаева 01.04.2022 | 17:38
Қазақстанда агротехника утилизациясы үшін берілген сертификат мерзімі ұзартылады
коллаж: Halyq Uni

Қазақстанда ескі агротехникалық автокөлікті тапсырғандарға берілетін жеңілдік сертификатының пайдалану мерзімі ұзартылады. Бұл туралы «Жасыл даму» АҚ бөлім басшысы Талғат Маханов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ескі ауылшаруашылық техникасының утилизациясы үшін берітелін жеңілдік сертификатын Қазақстанда құрастырылған автокөлікті алу кезінде пайдалануға болады. Сертификат бір жыл ішінде жарамды. Алайда қазір елдегі автосалондар аталған сертификаттарды қабылдамай жатыр. Себебі оны берген мекеме - «Оператор РОП» ЖШС қазір бағдарламаны қаржыландыра алмайды.

«Жасыл даму» ресми өкілі Талғат Махановтың айтуынша, бұл мәселені сәуір айының соңына дейін шешу жоспарланып отыр. 

«Оператор РОП» ЖШС іс-әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалуы бұл мәселеде қазіргі күні төлеп жүрген немесе сертификаттарды ынталандыруға кедергісін тигізіп отыр. ...Жақын арада мерзімі өтіп кеткен немесе мерзімі өтуге жақын сертификаттардың мерзімі ұзартылады. Одан бөлек, қазір көтеріліп отырған мәселелердің барлығын осы айдың соңына дейін түпкілікті шешу көзделіп отыр», - деді ол.

Бүгінде Қазақстанда 327 жеңілдік сертификаты пайдаланылмаған. Кәдеге жаратып үлгермеген сертификаттардың ең көбі - Шымкент қаласының тұрғындарына тиесілі.

Еске сала кетейік, Қазақстанда ескі трактор үшін 1 млн, комбайнға 2 млн теңгеге жеңілдік сертификаты беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама