Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің 1/8 финалына шықты
Биылғы жарыстың жүлде қоры – 8,8 млн АҚШ доллары
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына шықты.
Рыбакина турнирдің үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездесіп, оны 6:3, 7:5 есебімен ұтты.
Қарсыластар осыған дейін 5 рет кездесіп, соның төртеуінде испаниялық спортшы жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Рыбакина есе қайтарды.
Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылып, Рыбакина 9 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. П.Бадоса 2 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) жасады. Енді ол 1/8 финалда әлемнің 8-ракеткасы, Ресей өкілі Дарья Касаткина немесе рейтингте 66-орындағы тағы бір Ресейдің өкілі Варвара Грачевамен кездеседі.
Еске сала кетсек, Бадоса осы турнирді 2021 жылы жеңген болатын. Ал биылғы турнирдің жүлде қоры – 8,8 млн АҚШ доллары.