×

БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр

150-ге жуық адам эвакуацияланды

 Динара Амантай 14.03.2023 | 09:23
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жалғасып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәуліктің ішінде қауіпті учаскелерде 4 мың дана қапқа инертті материалдар төселіп, 25 мың текше метрден аса су сорылған.

Су тасқынына дайындық және оған қарсы күрес кезеңінде 15 мыңнан аса қапқа инертті материалдар төселді, шамамен 300 мың текше метр су сорылды, 300 мыңнан аса текше метр қар шығарылды, 5 мыңнан аса ойық бұрғыланды, 65 мың шаршы метр мұз кесілді.

Су тасқыны қаупі бар аймақта тұратын тұрғындар арасында су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік және жүріс-тұрыс шаралары туралы ақпараттық жаднамалар таратылды.

Төтенше жағдайлар мен оқиғалар қаупі туралы халыққа ескерту мақсатында азаматтардың ұялы телефондарына дабылды ескерту туралы СМС-хабарламалар жіберіледі.

Орал қаласы, Шыңғырлау, Бөрлі және Бәйтерек аудандары әкімдерінің шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланды.

Республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді. Оған Қазақавтожол және Қазсушар өкілдері де кірді.

Облыстық және республикалық штаб базасында жедел желі телефоны ашылды (бір тәулікте ақпараттық сипаттағы 109 қоңырау түсті).

Бәйтерек, Тасқала, Теректі, Қаратөбе, Шыңғырлау, Сырым, Бөрлі аудандарында су тасқыны қаупі бар елді мекендерге, өзендер мен көлдерге тәулік бойы мониторинг жүргізу жалғасып жатыр.

Тасқын суларды қабылдау жөніндегі арнайы арнаны орнату бойынша бұрын қабылданған алдын алу шараларын ескере отырып, жоғары температуралық фонда еріген сулардың өту кезеңінде Зашаған кентіндегі жағдайдың күрделенуін болдырмауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, тек бір апта ішінде Батыс Қазақстан облысының аумағында қар 60% (76%-дан 16%-ға дейін) азайды.

Мәселен, температураның +12 градусқа дейін күрт көтерілуі және қардың қарқынды еруі салдарынан жоғары жақтан еріген қар суы келіп, Бөрлі, Сырым және Теректі аудандарындағы 48 тұрғын үйді су басуына себеп болды. Зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен алдын ала 149 адам эвакуацияланды, 300-ге жуық ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерлерге айдалды.

Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге Атырау және Маңғыстау облыстарынан қосымша тартылған ТЖМ күштері мен құралдарын қоса алғанда, ТЖМ құтқару бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, ҚМ жеке құрамынан 800-ден аса адам жұмылдырылды. Жедел жұмыстарда 200-ден аса техника және 100-ден аса су айдау құралдары қолданылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама