Шымкентте мамандардың болжауынша, бүгін күндіз +19...+21°C-қа дейін жылы болады
Синоптиктер сейсенбі, 14 наурызда еліміздің үш мегаполисінде - Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күндіз 12-14°C-қа дейін жылы болады, түнде ауа температурасы +2...+4°C-қа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр, жауын-шашын болмайды.
Астанада да сейсенбіде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз термометр бағаны +2...+4°C-ты көрсетсе, түнде -3...-5°C-қа дейін суытады. Сондай-ақ синоптиктер желдің 3-8 м/с-қа дейін күшеюін болжап отыр.
Шымкентте мамандардың болжауынша, бүгін күндіз +19...+21°C-қа дейін жылы болады, түнде +4...+6°C-қа төмендейді. Мегаполисте жауын-шашын жаумайды, дегенмен, желдің жылдамдығы 5-10 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.