×

Түркістанда ешкі 1,2 миллион теңгеге сатылған

Түркістандағы мал базарда сүтті ешкі 1 млн 200 мың теңгеге сатылған

 Халық үні 14.03.2023 | 07:25
Фото: facebook.com/telman.beisen

Түркістандағы мал базарда сүтті ешкі 1 млн 200 мың теңгеге сатылған. Бұл туралы журналист Тельман Бейсен Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Журналист сүтті ешкілер 12 литрге дейін сүт беретінін айтады.

«Бір сауын ешкісінің құны 260 мың теңге. Яғни, бұл жаман-жәутік  бұзаулы сиырдың құнына бара-бар баға. «Есің кетсе, ешкі жи дегендей, жұрт бүгінде сүт үшін сиырға қарағанда жем-шөптен шығыны әлдеқайда аз болатын сүтті ешкіні қол көреді. Күніне жай ешкілер 1 литр сүтті әзер берсе, асыл тұқымдылары (парода) 4, 6 литрден бастап, тіптен  12 литрге дейін сүт беретін ешкілер де бар көрінеді», - дейді ол.

Ол Түркістандағы мал базарында малдың бағасын сұрап, сол жердегі жұртпен тілдескен.

«Мал саудасына  келісе алмай дал болғандар және сатып алушының  қолын сілкіп, жұлқып, саудасын келістіріп, мәмлеге келтіріп, ол еңбегіне  ақшасын алып, мұртын майлаған делдалдар мен көзі түскен малын көздеген бағасына сатып алып жатқандар өте көп», - дейді журналист.

Телман Бейсен базарда жүріп Тұрсынбай есімді ақсақалды әңгімеге тартқан.

«Ақсақал ешкісіне 260 000 теңге сұрап тұр екен. Ешкісінің екі лағы бар. Ақсақалды әңгімеге тарттым. Айтуынша, ертеректе сүтті ешкілерді Ресей жақтан әкеліп, кейінгі жылдары соларды көбейтіп, түпкілікті ешкі малы кәсібіне ден қойыпты. Сүтті ешкінің санын бұрын 140-қа дейін көбейткен екен, бүгінде 50 шақтысын бағып, лақтағандарын базарға апарып сатып, одан қалса сауып сүтінде сатады екен», - дейді ол ешкі сатып тұрған ақсақал туралы.

Ақсақал жақында асыл тұқымды ешкісін 1 млн 200 теңгеге сатқанын айтқан.

«Ақсақал, нағыз пайда асыл тұқымды, сүтті көп беретін ешкі бағуда дейді. Айтуынша, сүтті ешкілердің әртүрлі тұқымдары бар. Ақсақал сөз арасында,  жақында бір азаматттың бір күнде 12 литр сүт беретін асыл тұқымды ешкісін  1 млн 200 мың теңгеге пұлдағанын айтады. «Сиырдың сүті тілінде, яғни сиырдан мол сүт алу үшін оған жем-шөп көп бермесең болмайды. Шығыны көп, ал жақсы, мынадай ешкіге аз ғана жем- шөп берсең де жарап жатыр. Есесіне анау-мынау сиырдан сүтті көп береді дейді ақсақал», - деп жазады ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама