×

БҚО-да ауылдан 16 адам тікұшақпен эвакуацияланды

Қоржын кенті көлік қатынасынсыз қалды

 Халық үні 14.03.2023 | 06:15
фото: ҚР ТЖМ

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қоржын ауылынан 16 адам, оның ішінде 6 бала және 2 жүкті әйел тікұшақпен тасымалданды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

13 наурызда Батыс Қазақстан облысы бойынша су тасқыны жағдайын ТЖМ Қазавиақұтқару Ми-8 тікұшағымен әуеден барлау кезінде Қаратөбе ауданы Қоржын кентінің маңында «Қаратөбе кенті-Қоржын кенті» жергілікті маңызы бар автомобиль жолы арқылы еріген қар суының тасуы тіркелді. Құтқарушылар мен жүзу құралдарын елді мекенге тікұшақпен жеткізу туралы шешім қабылданды.

Аталған іс-шараларды өткізу кезінде осы кенттің 16 тұрғыны Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе кентінің аудан орталығына жеткізілді. Әуеден барлау жұмысы жоспар бойынша сәтті өтті. Қазіргі сәтте адамдар туыстарының үйіне орналастырылды.

Қазіргі уақытта Қоржын кенті көлік қатынасынсыз қалды, тұрғын үйлерді су басқан жоқ, азық-түліктер мен дәрі-дәрмектер бар. Жасыбай өзеніндегі су өз арнасы бойымен өтуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама