×

«Үнемі көк күртеде жүреді»: Талдықорғанда ер адамға іздеу жарияланды

Бөтен ер адамның балалардың ізінен қалмай аңдығанын айтып, ата-аналар шағымданған

 Халық үні 13.03.2023 | 23:27
Фото: 24.kz

Талдықорғанда балалардың соңынан ілесіп, аңдыған ер адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөтен ер адамның балалардың ізінен қалмай аңдығанын айтып, ата-аналар шағымданған.

«Мүмкіндігінше көп ата-ана хабардар болсын. Төртінші шағын ауданда 14 және 16-мектептердің жанында бір ер адам жүреді, балалардың денесіне қол жүгіртеді. Ұзын бойлы, арықша келген. Шамамен 30-40 жаста, үнемі көк күртеде жүреді. Ол сондай-ақ 28, 29, 30,32 үйлердің аулаларында да жүреді», - деп дабыл қақты тұрғындар.

Полиция бұл ақпаратты назарға алғанын айтады.

«Бұл ақпаратты біз бақылауға алдық. Полиция қызметкерлері тексеру бастады. Ақпаратқа сай заңды шаралар қолданылады», - деп мәлімдеді ведомство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама