×

Түлектер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік алады

Білім министрі түлектерге жақсы жаңалық айтты

 Қымбат Елтайқызы 01.04.2022 | 17:30
фото: ашық дереккөзден

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2022 жылғы түлектерге хат жазып, бірқатар жаңалық бөлісті. Білім саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, түлектерге кеңес беріп, тілегін де білдірді.

«Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылар ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни, енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол», – деп жазды Аймағамбетов фейсбук желісінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама