14-16 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
Республикада тұман түсіп, солтүстікте көктайғақ болады, жел күшейеді
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
«14-15 наурызда солтүстік-батыста, 15-16 наурызда солтүстікте, шығыста, оңтүстікте атмосфералық фронттардың ықпалымен қар мен жаңбыр, оңтүстікте жаңбыр жауады. Республикада тұман түсіп, солтүстікте көктайғақ болады, жел күшейеді. Ал температура айтарлықтай өзгермейді», - делінген хабарламада.