×

«Оскар» сыйлығының иегерлері анықталды

Брендан Фрейзер үздік актер атанды

 Дастан Жұмабекұлы 13.03.2023 | 17:10
фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Dolby театрында кино индустриясы әлеміндегі маңызды оқиға болды. Салтанатты шарада АҚШ киноөнері академиясы тарихта 95-ші рет ұйымдастырылып отырған «Оскар» сыйлығының үздіктерін анықтады.

Биыл америкалық және канадалық актер Брендан Фрейзер «Кит» фильміндегі рөлі үшін «Үздік ер адам рөлі» аталымында «Оскар» сыйлығына ие болды.

Оскар – 2023 марапатының үздік атанған иегерлері:

Екінші пландағы үздік актер – Ке Хюи Куан («Барлығы барлық жерде және бірден»).

Екінші пландағы үздік актриса – Джейми ли Кертис («Барлығы барлық жерде және бірден»).

Үздік анимациялық фильм – «Пиноккио» Гильермо дель Торо.

Үздік операторлық жұмыс – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» фильмі (Джеймс Френд).

Үздік қысқа метражды көркем фильм – «Ирландша қоштасу».

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – «Бала, көртышқан, түлкі және жылқы».

Үздік қысқа метражды деректі фильм – «Пілдер сиқыршысы».

Үздік шетелдік көркем фильм – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік түпнұсқа сценарий – «Барлығы барлық жерде және бірден».

Үздік актер – Брендан Фрейзер («Кит»).

Үздік актриса – Мишель Йео («Барлығы барлық жерде және бірден»).

Үздік фильм – «Барлығы барлық жерде және бірден».

Серіктес жаңалықтары

Сараптама