Президент Солтүстік Ирландияның министрін қабылдайды
Астанада II Елизавета атындағы сквер ашылады
Биыл 17-18 наурызда Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігінің Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Қазақстанға келеді. Бұл туралы СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
2023 жылғы 17-18 наурызда Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама корольдігінің Сыртқы істер, достастық және даму министрі Джеймс Клеверлидің Қазақстанға сапары өтеді. Астанада Джеймс Клеверли президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, премьер-министр Әлихан Смайыловтың қабылдауында болады, - деді ол СІМ-де өткен брифингте.
Сондай-ақ шетелдік министр Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшылығымен кездеседі.
«Сапар (Джеймс Клеверлидің Қазақстанға сапары – автор) аясында Астанадағы саябақтардың бірінде II Елизавета атындағы сквер ашылады деп жоспарланып отыр», - деді СІМ-нің ресми өкілі.