×

Жапондар €1 млн көлемінде келісімшарт ұсынды – әлемді бағындырған қазақстандық жокей

Қазақстандық шабандоз Чехияда үш дүркін, Германияда төрт дүркін чемпион атанған

 Халық үні 13.03.2023 | 18:41

Әлемге танымал жокей, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Бауыржан Мырзабаев қазір Германияда тұрады. Сонда жаттығып, Еуропада өтетін талай жарыстарға қатысып жүр. Жуырда Қазақстанға – отанына келген Бауыржан «Сұрауы бар» YouTube жобасының қонағы болып, спорттағы жетістіктері туралы айтып берді.

Қазақстандық жокей Чехияда үш дүркін, Германияда төрт дүркін чемпион атанған. Соңғы үш айын Жапонияда өткізіп, мәртебелі А лигасында жеңімпаз болған. Ол мұндай жүлдеге алғашқы екі аптада-ақ қол жеткізгенін айтты.

«Әлемнің ешбір жокейі Жапонияға алғаш рет барғанда А лигасын жеңіп көрмеді. Бұл жетістік Азиядағы карьерама жол ашты. Жапондардың ат спортына қызығушылығы өте зор. Сенің өнеріңді мыңдаған адам стадионнан, миллиондаған адам онлайн трансляциядан тамашалайды. Көшеде көріп қалса, автограф сұрап, суретке түседі», - дейді шабандоз.

Бауыржан Мырзабаев екі жарым айда түрлі бәйгелерден 4 000 000 еуро жүлде ұтып алғанын жасырмады.

Одан бөлек, жапондар Бауыржанға €1 млн көлеміндегі келісімшарт ұсынған. Ол үшін жапон тілін меңгеруі қажет екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама