«Ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін»: президент дін саласы туралы айтты
Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды
Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жиын барысында мемлекет басшысы қазақ халқының дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды екеніне назар аударды.
Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде бұл – өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ президент әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырды.