×

Жобалық менеджерлерді тәуелсіз сертификаттау жүйесі құрылады

Сертификатталған мамандар еңбек нарығында бәсекелестік артықшылыққа ие болады

 Динара Амантай 13.03.2023 | 12:50
Фото: gov.kz

«Жобалық менеджерлерді сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін енгізу» пилоттық жобасы іске асырыла бастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аталмыш жобаны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кадрларды сертификаттаудың тәуелсіз жүйесінің базалық құралдарын енгізу шеңберінде бейінді сарапшылармен бірлесіп жүзеге асырады. Жоспарланған жұмыс шеңберінде «жобалық менеджер» кәсібі сабақтардың Ұлттық сыныптауышына және кәсіптер тізіліміне енгізіледі, үлгілік біліктілік бағдарламасы бекітіледі және жобалық менеджмент мамандарын тәуелсіз сертификаттау жүйесі құрылады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, пилоттық жобаны іске асыру және сертификаттау жүйесін сынақтан өткізу барысында тәуелсіз орталықтар кемінде 50 жобалық менеджерді сертификаттайды. Сертификатталған мамандар еңбек нарығында бәсекелестік артықшылыққа ие болады.

Бірлескен пилоттық жобаны бастау туралы шешім Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың пилоттық жобаға қатысушылармен – «Yevniy Consulting Group» ЖШС және Қазақстандық жобаларды басқару қауымдастығының сарапшылық қоғамдастық өкілдерімен кездесуі шеңберінде қабылданды.

Талқылау барысында жоба менеджерлерін сертификаттаудың халықаралық тәжірибесі қаралды. Жобаны іске асыру бойынша бірінші кезектегі шаралар, сондай-ақ базалық сертификаттау орталықтары айқындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама