Украинада қаза тапқан астраханьдықтардың көбісі – қазақтар мен татарлар
Соңғы дерекке қарағанда, басқыншылардың 159 090 адамы жер жастанған
Украинадағы соғыста қаза тапқан Астрахань облысы тұрғындарының 75 пайызы қазақтар мен татарлар болып шықты. Ал Мәскеу мен Санкт-Петербург – соғыстан залал шекпеген өңірлер қатарында.
Қазір Ресей әскері соғыста орасан зор ауыр шығынға ұшырап жатыр. Украина Қарулы күштері бас штабының мәліметіне қарағанда, басқыншылардың 159 090 адамы жер жастанған. Осы қаза тапқан оккупанттардың көбісі – Ресейдің Мәскеу мен Санкт-Петербургтен басқа өңірлерінен соғысқа қару асынып барған азаматтары.
Қолда бар мәліметке қарағанда, бүгінде соғыстың зардабын көбінесе елдің шығыстағы көптеген өңірлеріндегі тұрғындар тартып жатыр. Олардың өлім мөлшері 30 пайызға дейін жетеді. Бұл – Мәскеу мен Санкт-Петербургте аман-есен жүріп, өз өлімінен қайтыс болғандардан әлденеше есе көп.