«Бизнес ашуға ақша алып беремін». Шымкентте танысын алдаған күдікті ұсталды
Полицейлер істі тергеп жатыр
Шымкентте бизнес ашуға мемлекеттен грант алып беремін деп танысын алдаған әйел анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Абай ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, одан 2 жылдан бері танитын әйел Үкіметтен кәсіп ашу үшін ақша алып беремін деп алдын ала 100 мың теңге алған. Алайда уәдесін орындамай, сандалтып қойған.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша («Алаяқтық») сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтау үшін жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің 44 жастағы жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Әйел бұрын-соңды істі болмаған.
Бүгінде ұсталған күдікті өз кінәсін мойындады. Tергеу жалғасып жатыр.