Halyq Uni логотип
×

Молдовада тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғандар ұсталды

Олар түгел қамауға алынды

 Дастан Жұмабекұлы 13.03.2023 | 09:31
Молдовада тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғандар ұсталды
фото: ашық дереккөз

Молдованың астанасы – Кишинев қаласында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастарғандар ұсталды.

Korrespondent.net-тің мәліметінше, бұл туралы Молдова Ұлттық полициясының басшысы Виорел Чернеуцяну 12 наурыз күні журналистерге айтып берген.

Ол құқық қорғау органдарының 9 наурызда Кишиневке келген Ресей азаматын ұстағанын айтты. Оның айтуынша, Ресей азаматы Молдовадағы саяси жағдайды тұрақсыздандыруға ынталы адамдары соған оқытып, үйреткен. Құқық қорғау органдарының агенті сол топқа бүркеншік атпен кіріп, Ресейден келген адаммен байланыс жасасқан. Ол Молдовада бұрын да бірнеше рет болған. Бірақ ізін аңду мүмкін болмауы үшін фамилиясы мен құжаттарын бірнеше рет өзгерткен.

Сонымен бірге, полиция басшысы тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру үшін әрқайсысы 10 адамнан тұратын 10 топ құрып алғанын, оларды акцияларға өздері дайындағанын, олардың өз қызметін Ресейдегі  үйлестірушілермен үйлестіріп тұрғанын айтты.

Оларға алданған молдовалықтардың әрқайсысына тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысқандары үшін 10 мың АҚШ долларын береміз деп уәде берген, – деді ол.

Оның айтуынша, ресейліктер Молдова билігін орнынан тайдырып, ресейшіл партия мен солардың жақтастарын билікке әкелуге көмектескісі келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама