×

Алматыда ірі көлемде пара алған лауазымды тұлғаларға сот үкімі шықты

Олар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды

 Дәурен Ерболат 13.03.2023 | 09:05
Фото: vedtver.ru

Алматыда ірі көлемде пара алған басшылар сотталды, деп хабарлады Антикор.

Алматы қаласы Медеу ауданы №2 сотының үкімімен пара алған лауазымды тұлғалар сотталды: 

  • «Алматы жылу желілері» ЖШС (АЖЖ) бас директоры К. Бейсенбиновке 560 млн теңге айыппұл;
  • АЖЖ бас инженері Д. Қазымбетовке 560 млн теңге айыппұл;
  • АЖЖ Күрделі құрылыс басқармасының басшысы С. Джингильбаевқа 560 млн теңге айыппұл;
  • Пара бергені үшін «СпецКоммунСтрой» ЖШС-нің директоры Б.Разимбековке 400 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Олар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы сомасы 2 млрд 80 млн теңге болды. Бұл – 350 орындық мектеп немесе 320 орындық балабақша құрылысының бюджетіне тең.

АЖЖ лауазымды тұлғалары Алматы қаласында жылу желілерін қайта құру туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және ақша қаражатын аударғаны үшін Б. Разимбековтен 16 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес, айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02