Бүгін ауа райы қандай болады?

Халық үні

Бірнеше өңір антициклон сілемінің ықпалында болады

фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 13 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігі антициклон сілемінің ықпалында болады, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, республиканың шығысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы арқылы атмосфералық фронтальды бөлімдер өтеді, одан жаңбыр мен қар түрінде жауын – шашын күтіледі, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.