×

«7 минут қалды, шыда»: Рудныйда оқушыны әжетханаға жібермеген мұғалім қызметінен кетті

Қызым қазір мектепке барғысы келмейді, ұялады, - дейді анасы

 Халық үні 12.03.2023 | 20:55
Фото: Halyq Uni

Қостанай облысында мұғалім оқушыны сабақ кезінде әжетханаға жібермегені үшін қызметтен кетті, деп хабарлайды Alau.kz.

Оқушының анасының айтуынша, сол күні қызы сабақ үстінде іші аурып тұрғанын айтып, әжетханаға сұранған. Ал мұғалім оған 7 минут қалды, шыда” деген. Салдарынан оқушы шыдай алмаған. Кейін оны әпкесі мектептен алып кеткен.

«Баламның құқығы бұзылды деп есептеймін. Бұл мұғалімнің қорлауы. Қызым қазір мектепке барғысы келмейді, ұялады. Бұл үлкен психологиялық қысым болды. Білім бөлімі тарапынан ешқандай шара қолданылмаса, прокуратураға хабарласатынымды ескерттім», - дейді оқушының анасы.

Бұл оқиғадан соң мұғалім жұмыстан кеткен. 

Білім бөлімінің басшысы Темурхан Жайлыбаев болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Қыздың анасы мұғалімді жазалауды талап етті. Мұғалім жұмыстан кету туралы арыз жазды. Ол кешірім сұрады. Мұғалім көп жылдық тәжірибесі бар жақсы ұстаз. Ол оқушы бір рет барып келгесін екінші ретінде сабаққа қатыспау үшін деп ойлаған. Оқиға орын алған кезде мұғалім қызды сыныптан ақырын ешкімге білдіртпей алып шыққанын айтты. Не болғанын балалардың ешқайсысы түсінбеді», - деді білім бөлімінің басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама