×

Бельгияда TikTok-ты пайдалануға тыйым салынды

Шектеу тұтынушылар мәліметінің құпия сақталуына төнген қатерге байланысты енгізілген

 Наима Нұрәлі 12.03.2023 | 16:22
фото: grozny.tv

Бельгия билігі үкіметтік телефондарда TikTok әлеуметтік желісін пайдалануға уақытша тыйым салды.

Алты айлық шектеу киберқауіпсіздік пен мәліметтердің құпия сақталуына төнген қатерге байланысты қабылданып отыр. Себебі TikTok өз тұтынушылары жайында шамадан тыс дерек жинайтын көрінеді. Дегенмен мемлекеттік қызметкерлерге қосымшаны жеке смартфонына орнатуға рұқсат бар. 

Бұған дейін АҚШ, Канада билігі мен Еурокомиссия да TikTok-қа осындай тыйым салған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама