Заң бұзған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады
Алматы, Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №10 мекеменің жедел бөлім қызметкерлері тыйым салынған заттарды аумаққа кіргізбек болған күдіктіні қолға түсірді.
Ол мекеме аумағына қара түсті пакет лақтырған. Скотчпен оралған түйіншектер ішінен 5 дана ұялы телефон, 4 дана қуаттандыру жүйесі және әрқайсысының көлемі 0,5 литр болатын 4 пластик ыдыстың ішінде спирт тәрізді иісі бар мөлдір түсті сұйықтық тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік сотқа жіберілетін материалдар жиналды. Ер адамға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады, - деді ҚАЖД басшысының орынбасары Қанат Ашов.