Halyq Uni логотип
×

Ауғанстанда шенеуніктер мен дін қызметкерлері жиналған нысанда жарылыс болды

7 адам қаза тауып, 14 адамның жараланғаны да айтылып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 12.03.2023 | 12:55
Ауғанстанда шенеуніктер мен дін қызметкерлері жиналған нысанда жарылыс болды
фото: apa.az

Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласындағы «Тебиян» мәдениет орталығында журналистерді ұлықтау жиынында жарылыс болды. Бұл туралы жергілікті TOLOnews басылымы хабарлады.

Балха қауіпсіздік қызметінің өкілі Мохаммад Асиф Вазиридің айтуынша, жарылғыш құрылғыны жанкешті іске қосқан. Соның салдарынан 5 журналист пен 3 бала жараланды.

Сондай-ақ қазір терактіден 7 адам қаза тауып, 14 адамның жараланғаны да айтылып жатыр. Кейбір БАҚ қаза тапқандардың арасында Солтүстік Ауған провинциясының губернаторы Балх Мұхаммед Давут Музаммил де бар екенін жазған.

Журналистерге арналған іс-шараға жергілікті шенеуніктер мен дін қызметкерлері жиналған. Ауғанстан басылымының өкілдері әріптестерін шабуылдан қорғап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

Бұл оқиғаны әлі бірде-бір ұйым мойнына алған жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама