×

Рыбакина «Мастерс» турнирін америкалық чемпионды жеңуден бастады

Бұл сайыс 2 сағат 8 минутқа созылды

 Еркеғали Болатұлы 12.03.2023 | 10:03
фото: Christopher Pike/Getty Images

Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте басталған WTA-1000 санатындағы «Мастерс» турнирінің екінші айналымында Australian open 2020 чемпионы – америкалық Софья Кенинмен кездесті.

2 сағат 8 минутқа созылған матчта Рыбакина Кенинді 7:6 (8:6), 7:6 (7:5) есебімен жеңді.

Айта кетсек, бұл сайыстың жалпы жүлде қоры – 8 800 000 доллар.

Турнир 19 наурызға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама