«Ешқандай ақша керек емес»: Ақтөбеде соққыға жығылған баланың анасы әділдік іздейді
2 жасар бала балбақшадан беті көгеріп, миы шайқалып қайтқан
Ақтөбеде соққыға жығылған баланың анасы видеоүндеу жасады. Онда әйел билік өкілдері мен қоғамнан ұлын соққыа жыққандарды жауапқа тартуды сұрайды, деп хабарлады «Диапазон».
Оқиға өткен жылы желтоқсанда болған. Айжан Жақсымұратованың 2 жасар ұлы балбақшадан беті көгеріп, миы шайқалып қайтқан. Сол кезде мектепке дейінгі мекемеге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Сол уақыттан бері үш ай өтсе де, іс бойынша айтарлықтай нәтиже жоқ. Әйелге істі тоқтату үшін бірнеше рет қомақты қаражат ұсынған. Алайда әйел ақша алудан бас тартқан, шындықтың ашылғанын талап етіп отыр.