«Екі қар көшкіні арасында қалдық»: ТЖМ желіде тараған хабарламаға қатысты мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желілерде видео авторы қар көшкінін көрсететін видеолар жариялаған
Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысында қар көшкіні қоршауында қалып қойған адамдар туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді.
Әлеуметтік желілерде видео авторы қар көшкінін көрсететін видеолар жариялаған.
«Қоршауда қалдық. Екі қар көшкіні арасында қалдық», - дейді видео авторы.
Жазбаға қарағанда, жолды қар басып қалған.
ТЖМ Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы тау беткейлеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 2023 жылдың 6-9 наурызы аралығында өздігінен қар көшкіні жүріп жатқанын хабарлады.
Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2022 жылғы 7 қарашадағы хабарламасына сәйкес, Есік қаласы - Есік көлінен 7-15 шақырымға дейін, сондай-ақ Түрген - Батан - Асы обсерваториясынан 20-дан 41-шақырымға дейінгі жолдар 2023 жылдың 31 наурызына дейін жабық.
Қар көшкіні кезінде зардап шеккендер мен қирау болмағаны хабарланды.
«Алматы мемлекеттік қорығы қызметкерлерінің бірі эвакуациядан бас тартып, БАҚ-тағы ақпарат арқылы жолды тазартуды талап етіп отыр. Алматы мемлекеттік қорығы басшылығының айтуынша, инспекторларға көмек қажет емес, өйткені олар сол жерде тұрады және жетікілікті азық-түлік бар. Қар көшкінінің қайталану қаупі мен жол жұмысшыларының өміріне қауіп төнгендіктен, жол тазартылмай отыр», - деп қорытындылады ведомство.