×

Қанат Бозымбаев Жетісу және Алматы облыстарының қалай бөлінетінін айтты

Жетісу облысында 8 аудан мен 2 қала болады

 Ербол Тұрымбет 01.04.2022 | 13:35
коллаж: Halyq Uni

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев жаңадан құрылатын Жетісу облысының аумағында 352 елді мекені бар 8 аудан және 2 қала, Алматы облысының аумағының құрамында 380 елді мекені бар 9 аудан және 1 қала болатынын мәлімдеді.

Өңір басшысы облысты бөлу жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылғанын, оған облыстық басқармалар мен аумақтық органдардың бірқатар басшылары кіргенін жеткізді.

Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XVII сессиясында Қапшағай қаласының жаңа бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп жатқаны, қайта құру мен қайта атау бойынша ғылыми сараптама жүргізілетіні айтылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында Ұлытау және Абай облыстары құрылып (бұрынғы Семей және Жезқазған облыстары аумағында), Алматы облысы екіге бөлінетінін мәлімдеді.

Енді әкімшілік бөліністен кейін Алматы облысының орталығы – Қапшағай қаласы, Жетісу облысының орталығы Талдықорған болмақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама