Өскеменде автобустан түскен соң із-түзсіз жоғалып кеткен жігіт табылды
Жоғалып кеткен жігіт 9 наурызда 21 сағат 30 минутта досының үйінен табылды
Өскеменде 4 наурызда автобустан түскен соң із-түзсіз жоғалып кеткен 22 жастағы жігіт табылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
«Жоғалып кеткен жігіт 9 наурызда 21 сағат 30 минутта досының үйінен табылды. Қазіргі уақытта туған-туысарымен бірге үйінде», - делінген хабарламада.
Ведомство өзге ақпаратты жігіттің өтінші бойынша жариялай алмайтынын хабарлады.
Еске сала кетейік, еріктілер 4 наурызда жас жігіттің үйінен шығып, автобуспен келе жатқанда өзін нашар сезініп, аялдамада түсіп қалғанын хабарлаған. Одан кейін оның қайда кеткені белгісіз болды.
Полицияға жігіттің анасы шағымданған.