×

Атырау облысында қайғылы оқиға болды: бір отбасының 3 адамы көз жұмды

Оқиға орнында «Ларгус» автокөлігінің 1990 жылғы жүргізушісі және 1994, 2022 жылғы  жолаушылары қаза тапты

 Халық үні 11.03.2023 | 20:35
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды polisia.kz.

9 наурызда республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 551 шақырым тұсында «Ларгус» және УАЗ автокөліктерінің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан жол апаты болды.

Оқиға орнында «Ларгус» автокөлігінің 1990 жылғы жүргізушісі және 1994, 2022 жылғы  жолаушылары қаза тапты, сондай-ақ УАЗ көлігінің 3 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Жол апатынан бір отбасының  -  әкесі мен анасы, 1 жасқа толмаған қызының қайтыс болуына және өзге де жол-көлік оқиғаларына байланысты полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаев  Атырау облысының тұрғындарына бейнеүндеу жолдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама