Атырау облысында қайғылы оқиға болды: бір отбасының 3 адамы көз жұмды
Оқиға орнында «Ларгус» автокөлігінің 1990 жылғы жүргізушісі және 1994, 2022 жылғы жолаушылары қаза тапты
Атырау облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды polisia.kz.
9 наурызда республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 551 шақырым тұсында «Ларгус» және УАЗ автокөліктерінің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан жол апаты болды.
Оқиға орнында «Ларгус» автокөлігінің 1990 жылғы жүргізушісі және 1994, 2022 жылғы жолаушылары қаза тапты, сондай-ақ УАЗ көлігінің 3 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Жол апатынан бір отбасының - әкесі мен анасы, 1 жасқа толмаған қызының қайтыс болуына және өзге де жол-көлік оқиғаларына байланысты полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаев Атырау облысының тұрғындарына бейнеүндеу жолдады.