×

Елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Миялы – Жангелдин жол учаскесі ашылды

Соңғы күндері Ойыл өзенінен тасқын судың көп келуі байқалады

 Динара Амантай 11.03.2023 | 17:00
Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Миялы-Жангелдин жол учаскесі ашылды6 деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атырау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы күндері Ойыл өзенінен тасқын судың көп келуі байқалады, бұл Қызылқоға ауданы Миялы ауылын су басу қаупін тудыруы мүмкін.

Миялы ауылы маңындағы тасқын су деңгейін төмендету мақсатында бүгін сағат 04.30-да Миялы және Жангелдин елді мекендері арасындағы жолдың бір бөлігін арнайы техниканың көмегімен ашу туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде ауыл маңындағы су деңгейі төмендей бастап, тасқын судың негізгі бөлігі Жарыпшыққан өзенінің арнасымен ағып кетті. Осылайша елді мекенді су басудың алдын алуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ, өткен жылдан бері осындай жағдайға құмды бөгеттің бір бөлігі қалдырылған жол учаскесі ашылғанын да айта кету керек.

Қазір барлық қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады. Ойыл өзеніндегі су деңгейі төмендеп, 2,5 м шамасын көрсетіп тұр.

Еске сала кетсек, бұған дейін БҚО-да 10 елді мекенді су басуы мүмкін екендігін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама