×

Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрліктеріне нақты міндеттерді жүктеді

Мемлекеттік органдар өкілеттіктерінің аражігін ажыратып алу қажет

 Динара Амантай 11.03.2023 | 12:31
Фото: Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

Азық-түлік қауіпсіздігін бақылау рәсімдеріндегі «соқыр аймақтарды» жою қажет. Мұндай міндетті премьер-министрдің орынбасары-сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин кеше Үкіметте өткен кеңесте Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрліктерінің алдына қойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сауда және интеграция бірінші вице министрі Арман Шакқалиевтің айтуынша, бүгінде ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау комитеті жануарлардан алынатын қайта өңделмеген тамақ өнімдерін, Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық бақылау комитеті – қайта өңделген, яғни оралған немесе термиялық өңделген тамақ өнімдерін, ал АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті – өсімдік өнімдерін бақылайды. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылаудың бірыңғай процесінде мемлекеттік органдардың өкілеттіктерінің аражігін ажыратуына байланысты функционалдардың түйіскен жерінде «көрінбейтін аймақтар» қалыптасады.

Бұл ретте әлемдік тәжірибеде тауарлардың азық-түлік емес және азық- түлік топтарын бақылауды жекелеген ведомстволар жүргізеді. ЕАЭО елдерінде ауыл шаруашылығын қадағалау және санэпидемиологиялық бақылау функциялары екіге бөлінеді.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов жануарлардың аса қауіпті ауруларын, зиянкестер мен өсімдік ауруларын әкелу қаупі бар импорттық мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерінен ішкі нарықты қорғауды күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, отандық қайта өңдеуші агроөнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау мақсатында техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкес келмейтін импорттық жалғандықтар мен тамақ өнімдерін әкелуге және өткізуге жол бермеу үшін алдын алу жұмыстарын күшейту қажет.

Ол үшін АШМ-де екі комитетті – агроөнеркәсіптік кешенге мемлекеттік инспекцияны және ветеринария және фитосанитария салаларындағы бақылау және қадағалау функцияларын бір ведомство жүзеге асыратын және тек республикалық қана емес, облыстық және аудандық деңгейлерде толық ұсынылатын етіп, ветеринария және ветеринариялық бақылау комитеттерін біріктіру мен күшейтудің орындылығы талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрліктеріне айтылған ұсыныстарды пысықтап, екіаптадан кейін осы мәселені талқылауға оралуға тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама