Жер сілкінісі кезінде 11 жасар баланы анасы құтқарып, өзі қаза тапқан
Түркиядағы зілзала кезінде анасы мен 5 бауырынан айырылған 11 жасар Ахмет trt.haber.com басылымына берген сұхбатында басынан өткен оқиғаны баяндады деп хабарлады inbusiness.kz.
Ахмет Каланың отбасы Хатайдың Антакия қаласында үш қабатты тұрғын үйде тұрған. Жер сілкінісі бұл отбасының да ойранын шығарды. Ол үйінді астында бірнеше күн бойы анасына дұға бағыштаған. Қазір тек әкесі екеуі бір-біріне жұбаныш.
Жер сілкінісі кезінде 11 жасар баланы анасы құтқарып, өзі қаза тапқан. Үйінді астынан шыққан сөмке – Ахметтің анасынан қалған жалғыз естелік.
Апат кезінде анасы Ахметке: «Мен бір күні өлсем, жылама, егер сен жыласаң, менің жаным тыныштық таппайды» деген.
Ол ғаламтордан құран оқып үйренген. Сондықтан Ахмет анасы мен бауырлары үшін дұға жасайды. Ахметтің әкесі ұлының жеке куәлігі қайта рәсімделгенін күтіп жүр. Себебі, оны қайтадан мектепке бергісі келеді.