×

Үш адам қаза тапты: Атырау облысында қайғылы жағдай болды

3 адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді

 Халық үні 10.03.2023 | 21:48
фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

9 наурызда республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 551 шақырым тұсында «Ларгус» және УАЗ автокөліктерінің бетпе бет соқтығысуы салдарынан ірі жол-көлік оқиғасы орын алды.

Оқиға орнында «Ларгус» автокөлігінің 1990 жылғы жүргізушісі және 1994, 2022 жылдарғы  жолаушылары қаза тапты, сондай-ақ УАЗ көлігінің 3 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама