Үш адам қаза тапты: Атырау облысында қайғылы жағдай болды
3 адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді
Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.
9 наурызда республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 551 шақырым тұсында «Ларгус» және УАЗ автокөліктерінің бетпе бет соқтығысуы салдарынан ірі жол-көлік оқиғасы орын алды.
Оқиға орнында «Ларгус» автокөлігінің 1990 жылғы жүргізушісі және 1994, 2022 жылдарғы жолаушылары қаза тапты, сондай-ақ УАЗ көлігінің 3 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.