Бакуде атыс болып, үш адам зардап шекті
Оқиға орнында криминалист мамандар жұмыс істеп жатыр
Әзербайжанның астанасы – Баку қаласында атыс болып, үш адам зардап шекті.
Әзербайжан Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, атыс қаланың орталығында – Баку мемлекеттік циркінің жанында болған.
Ведомствоның мәліметіне қарағанда, зардап шеккендердің бірі – студент. Оқиғаның себебі мен жаралылардың жағдайы нақтыланбаған.
Полицияға қала орталығының Насими ауданында атыстан үш адамның зардап шеккені туралы ақпарат келіп түсті, - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін жергілікті БАҚ қарулы оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің криминалист мамандары жұмыс істеп жатқанын хабарлаған. Осы жағдайға байланысты бүкіл аумақты полиция қоршауға алған.