Еуропалық комиссияның президенті Қазақстанға келеді – СІМ
Еуропа елдері Қазақстанмен байланысты нығайтуға ниетті
Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Былтыр қарашада Еуропалық Одақтың (ЕО) бастамасымен премьер-министр Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Лейен шикізат материалдарын жеткізуді әртараптандыру бойынша меморандумға қол қойды. Бұл қаржылық және технологиялық салада ЕО-ның өнеркәсіптік альянсымен ынтымақтастық орнатуға ықпал етеді, - деді Роман Василенко ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ ол Еуропалық комиссияның президенті Қазақстанға келетінін атап өтті.
Биыл біз Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен (Қазақстанға – автор) келеді деп жоспарлап отырмыз. Бұл сапардың Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынасқа 30 жыл толуына орай символдық мәні бар, - деді вице-министр.