Төрешіні балағаттаған футболшы өмірбақи спорттан шеттетілді

Дастан Жұмабекұлы

«Әл-Жаиш» клубының қорғаушысы судьямен қызыл қағаз үшін ұстасып қалған

фото: ашық дереккөз

Сирия футбол қауымдастығы (SFA) ұлттық құрама командасының бұрынғы капитаны және «Әл-Жаиш» клубының қорғаушысы Ахмед әл-Салихті матч кезінде төрешіні теуіп, балағатағаны үшін өмірбақи спорттан шеттетті.

Sportbox-тің хабарлауынша, 3 наурызда әл-Салих «Әл-Жаиш» пен «Әл-Ватба» командаларының ойында қызыл қағаз көрсеткені үшін төрешімен ұстасып қалған. Ойыншы төрешіні теуіп, бетіне түкіріп, балағаттаған. Осыған байланысты SFA Ахмед әл-Салихті өмірбақи футболдан шеттетті.

Айта кетсек, футболшы Сирия құрамасы сапында 54 ойын өткізіп, екі гол салған.