Юрий Ильин су басуға үш нәрсе себеп болғанын хабарлады
Премьер-министр Әлихан Смайылов Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинмен және Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинмен, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевпен және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловпен өңірлердегі су тасқыны жағдайы бойынша сөйлесті.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің мәлімдеуінше, бүгінде Қазақстанда 227 елді мекен қауіпті аймақта тұр. Су басуға үш нәрсе себеп болды: қарды уақытылы шығармау, тазартылмаған арықтар мен еріген сулар. Қазір су басу қаупі еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде сақталып отыр.
Биыл жылынудың бірінші толқыны барысында ШҚО, БҚО, Атырау облыстарында автомобиль жолдарының 3 учаскесін су басу жағдайлары тіркелді.
Қалың қардың еруіне байланысты болған екінші толқынның салдарынан Павлодар облысының Рождественка ауылындағы екі тұрғын үй, Батыс Қазақстан облысының Шалғын ауылындағы 25 үй мен 2 әлеуметтік нысан (Қоскөл кентінің халқы эвакуацияланды) еріген қар суының астында қалды,
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы 3 автомобиль жолы учаскелерін су шайып кетті.