Полиция жүргізушілерді сақ болуға шақырды
Олар жол ережесін қатаң сақтауы керек
Солтүстік Қазақстанда облысында полицейлер жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырды, деп хабарлады Polisia.kz.
Көктем келіп, қардың еруіне байланысты өңірдегі жолдарда қиындық туындауы мүмкін. Әсіресе, жүргізушілер Лобаново – Имантау учаскесінен өткен кезде сақ болуға тиіс.
Құрметті жүргізушілер, жолда сақ болыңыздар. Алысқа жолға шықсаңыздар, көліктің техникалық жағдайын тексеріңіздер. Ауа райы болжамы және Төтенже жағдай қызметінің (жолдардың жабылуына байланысты) ақпаратын оқып, назарға алыңыздар. Жол ережесін қатаң сақтаңыздар, - деп жазылған хабарламада.