Halyq Uni логотип
×

Келесі айдан бастап Шымбұлақ пен Медеуге кіруге шектеу қойылады

Курорттық аймақтарға электромобильмен ғана шығуға болады

 Динара Амантай 10.03.2023 | 12:05
Келесі айдан бастап Шымбұлақ пен Медеуге кіруге шектеу қойылады
Фото: Halyq Uni

Алматы қаласының әкімдігі 1 сәуірден бастап «Шымбұлақ» тау-шаңғысы курортының аумағына кіруді шектейді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, аталған шара көлік жүктемесін және қоршаған ортаға әсер ететін зиянды шығарындыларды азайту үшін жасалады. Бұған дейін қорғалатын табиғи аумаққа кіруге осында жылжымайтын мүлкі бар және сонда тұратын азаматтарға рұқсат берілген болатын. Шымбұлаққа электромобильмен ғана кіруге болады.

Бұл тыйым төмендегілерден басқа барлық автокөлікке қатысты:

• электромобильдер;

• шұғыл, жедел, коммуналдық және арнайы қызметтердің арнаулы техникасы мен көлігі.

Сондай-ақ 1 қыркүйектен бастап «Медеу» МАТП аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге де кіру шектеледі. ШОБ өкілдеріне жеңілдікпен электромобиль сатып алуға мүмкіндік беріледі. «Алматы» ӘКК» АҚ арқылы 7 жылға дейінгі мерзімге 6% жылдық мөлшерлемемен 30 млн теңгеге дейін кепілді жеңілдетілген несие рәсімдей алады. Қарыз алушының өзінің сомасы 50%-дан кем болмауы керек.

Сарапшылардың пікірінше, бұл шара көліктен шығатын ластағыш заттардың көлемін азайта отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақта қоршаған ортаға тигізетін кері әсерді төмендетуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама