Қазір олар РФ армиясы басып алған Херсон облысындағы бекеттердің бірінде жүр
Ресей Қара теңіз флотының бір топ әскери қызметкерлері соғысқа қатысудан бас тартты. Бұл The Moscow News хабарлады.
Қара теңіз флоты жағалау қорғанысы 126-бригадасының келісімшартпен әскери борышын өтеп жатқан 20-ға жуық әскери қызметкері қызметтен босатылу жөнінде баянат тапсырды. Олар баянатта келісімде көрсетілген шарттардың орындалмай отырғанын айтты.
Порталдың хабарлауынша, әскери қызметкерлер өздерін әскерден босату жөніндегі өтінішті желтоқсан айында жазып қойған. Қазір олар Ресей армиясы басып алған Херсон облысындағы бекеттердің бірінде жүр.
Қазір Ресей жауынгерлерінің арасында соғысқа қатысудан бас тартып жатқандар көбейіп келеді. Олар дайындықтың болмауын, тиісті қару-жарақтың жоқтығын себеп етіп көрсетіп жатыр.