Елімізде тағы 60 адам коронавирус жұқтырды
Жалпы, 1 731 адам емделіп жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар туралы жаңа ақпарат берді.
Кеше бір күнде коронавирусты тағы 60 адам жұқтырды. Ал жалпы 1 731 адам коронавирус инфекциясынан (–1 553+ және 178 КВИ-) емделуде. Оның ішінде 132 пациент стационарда, 1 599 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы қиын, 3 пациенттің жағдайы өте қиын, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.