×

«Астана-Зеленстройдың» экс-басшысына 185 млн теңге айыппұл салынды

Пара берген сотталушыға 15 еселенген айыппұл салынды

 Дәурен Ерболат 10.03.2023 | 09:36
Фото: Halyq Uni

Пара алды деп айыпталған «Астана-Зеленстрой» компаниясының бұрынғы басшысы сотталды, деп хабарлады Антикор.

Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында «Астана-Зеленстрой» ЖШС-нің бас директоры А. Наурызәлі «Табиғат-Сервис НС» ЖШС директорының орынбасары С.Карловаға басымдық бергені (жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша) және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 млн теңге алу фактісі бойынша істі қарау аяқталды.

Биыл 3 наурыздағы сот үкімімен А. Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды және ол мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айырылды. Оған параның 20 еселенген сомасы – 185 млн теңге мөлшерінде айыппұл тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

 Сот Карловқа параның 15 еселенген сомасы – 135 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама