Боксшының өзі кең таралған видеоға қатысты пікір білдіріп, мұндай ілтипатқа риза болғанын айтты
28 жастағы UFC файтері Шавкат Рахмонов қыздардың жүрегін жаулап алды, – деп хабарлады inbussines.kz.
Америкалық Джефф Нилді 17:0 есебімен жеңгеннен кейін Шавкаттың бейнероликтері әлеуметтік желіге тарап кетті.
UFC салмақ өлшеу шоуының эфирінде спорт журналисі Лаура Санко жеңіліп көрмеген қазақстандықты көргенде «денесі тітіркеніп кеткенін» мойындады. Бойжеткен Шавкаттан сұқбат алуды армандайтынын айтты.
Боксшының өзі кең таралған видеоға қатысты пікір білдіріп, мұндай ілтипатқа риза болғанын айтты.
Мұндай жағдайда не айтарымды да білмеймін. Әйел адам мақтап жатса, ер адам ретінде риза боласың, – деді боксшы.
Спортшының әйелі бар екенін білетіндер аз, бірақ ол отбасын көпшілік алдына сирек шығарады.
Айта кетейік, былтыр Шавкат ұлды болды. Есімі – Керем.