×

Түркістан облысы прокурорының неден көз жұмғаны белгілі болды

Марат Әлиханов жүрек талмасынан көз жұмған

 Халық үні 09.03.2023 | 19:33
Фото: gov.kz

Бас прокуратура Марат Әлихановтың өліміне қатысты түсініктеме берді.  

«Марат Әлиханов жүрек талмасынан көз жұмған», - делінген хабарламада.

Түркістан облысының прокуроры 9 наурыз күні таңертең өз кабинетінде қайтыс болды. Ол 58 жаста еді. Бас прокуратура Марат Әлихановтың кенеттен қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Марат Әлиханов 1965 жылы дүниеге келген. 2020 жылдың ақпанынан бастап Түркістан облысының прокуроры лауазымын атқарды.

Марқұм прокуратура органдарындағы қызметін 1989 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық прокуратурасында тағылымдамашы-тергеуші болудан бастаған.

Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарып, кейін ҚР Бас прокуратурасының басқарма басшысы болды.

2012 жылы Ақмола облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агентігі департаментінің бастығы болды.

2014 жылдан бастап Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары, Бас көлік прокуроры, Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама