×

Астаналық оқушылар Microsoft компаниясынан грант ұтып алды

Жас дарындар 1,5 минут ішінде толыққанды веб-қосымшалар әзірлейтін платформа ойлап тапты

 Динара Амантай 09.03.2023 | 16:59
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Арсен Қылышбек пен Владимир Борзенков Microsoft for Startups компаниясынан 550 мың доллар грант ұтып алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқушылардың айтуынша, олар жасанды интеллект негізінде стартап-жоба әзірлеген.

Whoock – клиент үшін мәтіндік хабарламаларға негізделген қызмет жүйесін дамыта алатын веб-сайт генераторы және редакторы. Ол заманауи дизайнмен толық веб-сайт жасай алады. Яғни сайтты құрып, клиенттің сұранысына сай орындау жасанды интеллектпен байланыс арқылы жүзеге асырылады, – деді оқушылар.

Жобаның мақсатты аудиториясы – компания туралы прототип немесе жедел сайт жасауды қажет ететін енді басталған бизнес және стартаптар. Қазір Whoock алғашқы қызметтік нұсқасын жүзеге асырып жатыр. Бета нұсқа іске қосылған соң оқушылар сервистік мүмкіндікті одан әрі арттыруды жоспарлап отыр. Whoock-пен толыққанды веб-қосымшалар әзірлейтін мүмкіндік болады.

Платформа орта есеппен 1,5 минут ішінде толыққанды сайт жасайды. Келесі аптада іске қосуды жоспарлап отырмыз. Кез келген адам өз платформасына тегін қол жеткізе алады және оны қалағанынша пайдаланады, – дейді оқушылар.

Жас стартаперлер Microsoft for Startups Founder Hub-тан өткендеріне қуанышты, Арсен мен Владимир ұтып алған қаражаттарын өз жобаларын дамытуға жұмсамақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама