×

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан машина жасау зауытына барды

Отандық машина жасау өнімдерінің үлесін арттыру маңызды

 Динара Амантай 09.03.2023 | 14:58
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» акционерлік қоғамына барып, зауыттың жұмысымен танысты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Зауыт басшысы кәсіпорынның мұнай мен газ, күрделі металл конструкцияларын өндіруге, өңдеуге, тасымалдауға арналған жоғары технологиялық жабдықтар шығарумен айналысатынын баяндады. Компания – General Electric кәсіпорнының газ турбинасы бойынша стратегиялық серіктесі. Зауыт аумағында Baker Hughes General Electric Company сертификаттаған және BHGE мамандарының ұсыныстарына сәйкес заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ зауыт ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін Fregat тамшылатып суаратын машиналар өндірісін дамыту жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Кәсіпорын жұмысымен танысқан мемлекет басшысы жаңа жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, өндіріс орны мұнай-газ және энергетика салаларына арналған жоғары технологиялық жабдықтар шығарады. Сондықтан бұл салаларда отандық машина жасау өнімдерінің үлесін арттыру маңызды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама