Ол күту режимінде 44 күн өшпей, қосылып тұрады
Қытайлық Fossibot бренді өзінің алғашқы смартфонын шығарды.Смартфон F101 деп аталады.
Gizchina порталының хабарлауынша, смартфон 10600 мАч үлкен батареямен, 5,45 дюймдік HD+ экран, 24 мегапиксельді негізгі камера, 5 мегапиксельді қосалқы сенсор және 0,3 мегапиксельді сенсормен жабдықталған. Алдыңғы жағында 8 мегапиксельді селфи камера бар.
Смартфонда MediaTek Helio A22 арзан чипі, 4 ГБ жедел жады және 64 ГБ тұрақты жады бар.
Fossibot F101 смартфонның негізгі назар аударар тұсы – 10600 мАч сыйымдылығы бар аккумулятор. Ол күту режимінде 44 күн өшпей, қосылып тұрады. Мұндай үлкен аккумуляторды 18 ватты қуаттағышпен қуаттау ұсынылған.
Сонымен қатар, смартфонда қуаты 3,5 Вт болатын үлкен динамик орнатылған, корпус IP68, IP69 және әскери MIL-STD-810G стандарттары бойынша су мен шаңнан қорғалған.
Осындай мүмкіндіктер қарастырылған алғашқы Fossibot смартфоны бар болғаны 140 доллар бағамен сатылымға шыққан.